Cikk és audio Kazahsztánból

2011.04.12. 20:48

“Сырт көз- сыншы” деген осы

Бүгін  біздің  студияға, Астана радиосына  ресейлік әнші Авраам Руссо қонақ болды. Сөздің ашығын айтар болсақ, бұл әншіге онша көп қызыға қоймаймын. Тіпті, орыс эстрадасына қызығушылығым жоқ. Бірақ,  Руссоның бір пікірі  намысқа тиді. Барша, қазақтың намысына тиетін шаруа болды. Өйткені, ол қазақтардың өздерінің  ана тілдерін білмейтіндігін сынады. «Позор!» деді. Бұдан артық қорлық жоқ шығар. Әрине, Руссо бізге қамшы болсын деген шығар. Алайда,  ана тілдерін білмейтіндерге бұл сын ой салса дейміз.Өзі бірнеше тіл білетін болған соң, қазақтардың өз ана тілдерін үйрене алмай жүргені күлкілі  көрінген шығар. Әріптесім, Жанна Шуланованың тілге қатысты  сұрақтарына жауап бере отырып, Руссо жоғардағы сөзін айтты. Тіке, «сендерге «позор!» деген жоқ. Бірақ, кейбір қазақтарға дәл осылай айтқанын тілге тиек етті.  Наныстанғанмен, ақиқат солай болған соң қайтеміз енді. Дегенмен, оның бұл сұхбатын  блогыма іле салдым. Орыс тіліндегі дүние. Меніңше, қазақ тілін ұқпайтын қазақтар болғанымен, орысша білмейтін қазақтар жоқ шығар.(оралмандарды қоспағанда, әрине)Авраам Руссоның айтқандары (орыс тілінде)

 

Скачать с podkazt.kz

A bejegyzés trackback címe:

https://avraam2.blog.hu/api/trackback/id/tr962821313

Kommentek:

A hozzászólások a vonatkozó jogszabályok  értelmében felhasználói tartalomnak minősülnek, értük a szolgáltatás technikai  üzemeltetője semmilyen felelősséget nem vállal, azokat nem ellenőrzi. Kifogás esetén forduljon a blog szerkesztőjéhez. Részletek a  Felhasználási feltételekben és az adatvédelmi tájékoztatóban.

Nincsenek hozzászólások.
süti beállítások módosítása